25 наурызда «Жер сағаты» акциясы өтеді

25 наурызда «Жер сағаты» акциясы өтеді
Сурет: Greenworld.kz

Бүкіл әлем дәл осы күні бір сағатқа электр қуатын өшіретін болады.

Биыл 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл ел бойынша "Жер сағаты" дүниежүзілік акциясы басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Берілген 1 сағат - әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адамдар жарық пен электр құрылғыларын өшіретін уақыт, оған қоса мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықты сөндіреді.

"Барлықтарыңызды акцияға бірге қатысуға шақырамыз!", - деп Министрлік барлығымызды акцияға атсалысуға шақырады.