Депутаттар тұрғын үй кешенінің мәселелері бойынша тұрғындармен кездесу өткізді

Депутаттар тұрғын үй кешенінің мәселелері бойынша тұрғындармен кездесу өткізді
Суреттер: Almaty-akshamy.kz

Қалалық мәслихат депутаттары тұрғындар мәселелерімен танысты

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Алтынай Көбеева, Асқат Қабашев, Ералы Сауранбаев және Асия Ақанова Назарбаев даңғылы, 229, 231 және 235 тұрғын үйлердің тұрғындарымен жазбаша өтініш негізінде ОСИ құру және ұйымдастыру мәселесі бойынша кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 Тұрғын үй кешенінің тұрғындары абаттандыру, аудан бойынша жайлы жүріп-тұру үшін өткелді жобалау, сондай-ақ электрмен және сумен жабдықтау мәселелері бойынша жүгінді.

 Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындардан құралған бастамашыл топ инвестормен/құрылыс салушымен және аталған ауданды абаттандырушымен талқылады. Алматы қаласы мәслихатының депутаттарымен осы келісімнің орындалуын бақылау туралы келісімге келді.

 Бұдан басқа, Назарбаев-Ганди-Қозыбаев-әл-Фараби көшелерінің орамындағы ауданды байланыстыру үшін «Жер-Ана» ТК құрылыс салушысы өткелді жобалау бойынша тұрғындардың ұсыныстарын бірлесіп қарау және талқылау өтті.