Қазақ киносының туындылары Қырғызстанда көрсетіледі

Қазақ киносының туындылары Қырғызстанда көрсетіледі
Сурет: Youtube.com

Бұл туралы Қырғыз Республикасының кинематография департаменті хабарлады.

5-6 тамызда Бішкек қаласында Қазақ киносының күндері өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Ала-Тоо» кинотеатрында Болат Қалымбетовтің «Мұқағали» және Айжан Қасымбектің «От» фильмдері көрсетіледі. Бұл шараны Қазақстанның Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы және Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі кинематография департаменті ұйымдастырады.

Мәліметке сүйенсек, оған Т. Океев атындағы «Қырғызфильм» ұлттық киностудиясы, Қырғызстанның Кинематографистер одағы және Ш. Айтматов атындағы Кино үйі қолдау көрсетеді.