Қазақ кинолары Гатчин кинофестивалінде жүлде алды

Қазақ кинолары Гатчин кинофестивалінде жүлде алды
Сурет: Қазақфильм

Олар халықаралық қазылар алқасының арнайы дипломымен марапатталды.

Гатчин қаласында өткен «Әдебиет және кино» халықаралық кинофестивалінде «Қазақфильмнің» екі фильмі жүлде алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фильмнің қоюшы-суретшісі Ермек Өтегенов пен режиссер Болат Қалымбетов «Мұқағали» фильміндегі үздік жұмысы үшін Халықаралық қазылар алқасының арнайы дипломымен марапатталды.

Үздік сценарий үшін жүлдені режиссер Дарежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмі алды.

Гатчиндегі кинофестивальдің конкурсына Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Израиль, Қазақстан мен Тәжікстан елдерінің студиялары мен тәуелсіз авторлары өз жұмыстарын ұсынды.

Былтыр белгілі режиссер Болат Қалымбетов түсірген «Мұқағали» фильмі «Темные ночи» атты 25-ші Таллин кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесін иеленген еді.

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай, Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Мұқағали» фильмінің сценарийін белгілі жазушы Жүсіпбек Қорғасбек режиссер Болат Қалымбетовпен және Ғазиз Насыровпен бірге жазды.