Алматыға да бір «Ұят тақтасы» керек болып тұр

Алматыға да бір «Ұят тақтасы» керек болып тұр
Сурет: Sn.kz

Астанада «Ұят тақтасы» пайда болды

Мұндағы үлкен экранда құқық бұзушылардың яғни, тәртіпке бағынбағандардың аты-жөні мен фотосы жарияланып отырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ол Astana IT университетінің орталығында ашылды. Елордадағы Astana IT университетінің орталығында «Ұят тақтасы» пайда болды.

Мұндағы үлкен экранда құқық бұзушылардың яғни, тәртіпке бағынбағандардың аты-жөні мен фотосы жарияланып отырады.

Бұл мәлімет әлеуметтік желіде кеңінен таралып жатыр. Осыған байланысты халық арасында түрлі пікірлер айтылуда.

Осындай «Ұят тақтасы» Алматы мегполисі үшін де қажет-ақ. Көшеде мәдениетсіздік танытып, тәртіп сақтамау, қақырынып-түкіріну мәселесі мұнда да өзекті болып отыр.