Қазақ боксшысы украиналық қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді

Қазақ боксшысы украиналық қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді
Cурет: Inform.kz

Нұрсұлтан Аманжолов кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Аманжолов (3-0, 2 КО) профи-рингте үшінші айқасын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Sports.kz порталының мәліметінше, Нұрсұлтан Алматыда өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, украиналық Семен Пахомовпен (2-16, 2 КО) қолғап түйістірді.

Суперауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелген болатын. Алайда, соңғы межесіне дейін жеткен жоқ. Үшінші раундта Н.Аманжолов шапшаң комбинация жасап, оны оппонентінің бауыр тұсына қатты соққымен аяқтады.

Ауыр нокаутқа түскен С.Пахомов ұзақ уақытқа дейін есін жия алмай жатты.

Осылайша, Нұрсұлтан Аманжолов кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Семен Пахомов 17-інші рет жеңіліс тапты.