Коронавирус жұқтырған 77 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр - министрлік

Коронавирус жұқтырған 77 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр - министрлік
Cурет: 24.kz

105 пациенттің жағдайы өте ауыр

20 ақпандағы мәлімет бойынша, 34 417 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде 4 545 пациент стационарда, 29 872 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 258 адамның жағдайы ауыр,
• 105 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 77 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.