Алматыда жас архившілердің V халықаралық жазғы мектебі басталды

Алматыда жас архившілердің V халықаралық жазғы мектебі басталды
Сурет: Almaty.tv

300-ден аса жас мұрағатшылары қатысады.

Алматыда жас архившілердің V халықаралық жазғы мектебі басталды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті архивінің базасы негізінде өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап. 

Оған Әзірбайжан, Ресей мен Армения және көршілес мемлекеттердің 300-ден аса жас мұрағатшылары қатысады.  Бағдарламаға сәйкес, шеберлік сабақтары 17 маусымға дейін жалғасады. 

«Шараның мақсаты – архив саласындағы жас мамандардың біліктілігін арттыру. Оларды жаңа заманауи технологиялар мен архив саласындағы жаңа әдістермен таныстыру және халықаралық қатынастарды дамыту болып табылады», – деді ҚР Президенті архиві оқу-әдістемелік орталығының басшысы Мұхаммед Жылгелдинов.