Қайрат Сатыбалды бостандыққа шыға ма?

Қайрат Сатыбалды бостандыққа шыға ма?
Сурет: интернеттен

Бас прокуратура жауап берді.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиев Қайрат Сатыбалды шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алады ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Әсет Чиндалиев кез келген сотталған адам шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алатынын айтты.

"Әрбір сотталған адамның өтініш жазуына құқығы бар. Бізде тек, кәмелетке толмағандарға жыныстық қорлық көрсеткен сотталғандар үшін және террористік және экстремистік қылмыстар жасап, қылмыс кезінде адам өліміне әкелген жайттарда шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға шектеу бар. Ал басқа баптар бойынша сотталған тұлғалар өтініш бере алады", - деп түсіндірді Бас прокурордың орынбасары.

Ол Қайрат Сатыбалдыны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы соңғы шешімді сот шығаруы керек екенін түсіндірді.

"Сатыбалдыұлының жазғанына байланысты (өтініш – редактордың ескертпесі) мерзімінен бұрын қорытынды жасамаңыз. Кез келген адамның өтініш беруге құқығы бар. Бұл арыз сотта қаралады. Өтініш жазса да, ол бірден босатылып, бостандыққа шығады дегенді білдірмейді. Сот шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе бас тарту туралы шешім қабылдауы мүмкін. Сот тәжірибесінде өтініштерді қанағаттандырмаған жағдайлар жиі кездеседі", - деп түсіндірді Әсет Чиндалиев.

13 қазанда Қайрат Сатыбалдының мемлекетке 300 миллион доллардың мүлкін қайтарғаны белгілі болды.