«Қайрат» командасы футзалдан 17-ші рет Қазақстан кубогын иеленді

«Қайрат» командасы футзалдан 17-ші рет Қазақстан кубогын иеленді
Сурет: Ашық дереккөзі

"Қайрат" командасы футзалдан 17-ші рет Қазақстан кубогын иеленді. Сонымен қатар, спортшылар үшін бұл - қатарынан тіркелген 10-шы жеңіс, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Финалда алматылықтар қосымша уақытта Ақтөбенің "Рахмет" командасын 5:3 есебімен жеңді.

Ойынның соңғы минутында ақтөбеліктер есепті теңестіре алды, бірақ Дуглас да Силва Нергейрос дубль жасап, "Қайратқа" тағы бір жеңіс сыйлады.