«Қайрат» футбол клубы коммуналдық меншікке берілмейді

«Қайрат» футбол клубы коммуналдық меншікке берілмейді
Сурет: ашық дереккөз

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев «Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» брифингте мәлімдеді, деп Almaty-akshamy.kz.

 - «Қайрат» -  іс жүзінде қаланың игілігі. Елдегі ең көне футбол клубы. Әзірге клуб коммуналдық меншікке берілмейді. Басқа шешімдер болған жоқ. Меншік иесінен өтініштер  түскен жоқ. Қала тарапынан біз  «Қайрат» балалар-жасөспірімдер мектебін жыл сайын қаржыландырудамыз. Клубтың өзі өмір сүруді және дамуды жалғастыруда. Және Қазақстан чемпионатына қатысады, - деді әкім.

 Сондай-ақ, Ерболат Досаев егерде қаржыландырудың жетіспеушілігі  және басқа да мәселелер болса, оны заңнамада белгіленген тәртіппен қарайтынын жеткізді.