Қайрат Ахметов жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті

Қайрат Ахметов жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті
Cурет: Ашық дереккөз

Ахметовтің қарсыласы – жапон спортшысы Тацумицу Вада

3 маусымда Сингапурда ONE Championship лигасының аралас жекпе-жектен ONE 158 турнирі өтеді. Онда жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Қайрат Ахметов (25-2) шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап.

Sports.kz –тің мәліметінше, Ахметовтің қарсыласы – жапон спортшысы Тацумицу Вада (23-11-2) болмақ. Айқас шоудың басты жекпе-жегі болмақ. Жекпе-жек қарсаңында салмақ өлшеу рәсімі өтті. Ахметовтің салмағы 61.235 келіні көрсетті.

Қайрат Ахметовтің бұған дейінгі жекпе-жегі 2021 жылғы 3 желтоқсанда өткен еді. Онда ол One Championship – Winter Warriors 2 турнирінде филиппин спортшысы Дэнни Кингаданы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген болатын.