Қытайда қуаты 6,1 балдық зілзаладан 4 адам қаза тапты

Қытайда қуаты 6,1 балдық зілзаладан 4 адам қаза тапты
Cурет: pixabay.com

Зардап шеккен адамдар үшін 700-ден астам шатыр тігілген

Қытайдың Сычуан провинциясында қуаты 6,1 балдық зілзаладан 4 адам қаза тапты. 40-тан астамы жараланған. Әсіресе Яань қаласы қатты зардап шегіп, бірнеше үй қирап қалды. Дүмпудің эпицентрі 17 шақырым тереңдікте анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Төтенше жағдайлар, өрт сөндіру, медицина, байланыс және басқа да қызметтер апаттың зардабын жоюға шұғыл аттанған, деп жазады qazaqstan.tv.

«CCTV» телекомпаниясының хабарлауынша, олар тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп, жол жөндеуге, электр және байланыс желілерін ретке келтіруге көмектесіп жатыр. Зардап шеккен адамдар үшін 700-ден астам шатыр тігілген.

Қытайда соңғы рет 2008 жылы алапат жер сілкінісі болған еді. Сол кезде Сычуанда магнитудасы 7,9 балдық жер дүмпуі 90 мыңға жуық адамның өмірін қиған.