Қай өңірлерде коронавирус өршіп тұр?

Қай өңірлерде коронавирус өршіп тұр?
Сурет: Inbusiness.kz

Ақтөбе облысында індетке шалдыққандар саны көп.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус өршіп тұрған өңірлерді атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Министрдің мәліметінше, өлім-жітім ең көп аурушаңдық пен өлім тіркелген тамыз айымен салыстырғанда 12,4 есе азайды.

«Қаңтар айының басынан бастап желтоқсанмен салыстырғанда, сырқаттанушылық 11 есе өсіп отыр. Сыртқаттанушылықтың ең көп өсуі Ақтөбе облысында – 53 есе, Маңғыстау облысында – 34 есе, Атырау облысында – 33 есе, Қызылорда облысында – 28 есе, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында 25 есе өсу байқалады. Өлім-жітім барлық өңірде төмен», - деді Ажар Ғиният.