20 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды

20 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды
Inform.kz

2022 жылғы 6 сәуірдегі мәлімет бойынша, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

«4.04.2022 ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 20 жағдайы тіркелді. Оған қоса 14 адам емделіп шықты», - делінген хабарламада.

2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлық ауырғандар саны - 88725 адам, сонымен қатар 5353 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 82359 науқасқа жетті.