Бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматыда ауа сапасы нашарлайды
azattyq-ruhy.kz

6 сәуірде Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, сәрсенбіде ауа сапасы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында нашарлайды.

Өзге шаһарларда метеорологиялық ахуал норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.