Бүгінгі күннің ауа райы

Бүгінгі күннің ауа райы
сурет: ашық дереккөзден алынды

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады.

«Қазгидромет» РМК 18 наурыздағы күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, атлантикалық циклон жырасының әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады.

Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.

ҚР бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.