Каспий жағалауынан итбалықтардың өлексесі табылды

Каспий жағалауынан итбалықтардың өлексесі табылды
Сурет: интернеттен

62 итбалықтың өлексесі табылған.

Каспий теңізінде итбалықтардың өлексесі табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитетіне сілтеме жасап.

29 наурызда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданы маңындағы Каспий теңізі жағалауында итбалықтардың өлексесін тапқан.

"Сағат 15-00-дегі мәлімет бойынша 62 өлі итбалықтың өлексесі табылды", - деп жазды ведомство.

Итбалықтар табылған жерге экология департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері барған.

"Өлі итбалықтар табылған жерден су сынамасы алынды. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауында мониторинг жүргізіп жатыр", - деді мамандар.