Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Қазақстан құру - болашақтағы тағдырымызды шешетін аса маңызды жұмыс

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Қазақстан құру - болашақтағы тағдырымызды шешетін аса маңызды жұмыс
azh.kz

Жаңа Қазақстан құру - болашақтағы тағдырымызды шешетін аса маңызды жұмыс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазір бүкіл әлемдегі ахуал өзгеріп жатыр. Жаңа құндылықтармен қатар күрделі сын-қатерлер пайда болуда. Осындай аумалы-төкпелі уақытта еліміз дамудың келесі кезеңіне қадам басты. Біз Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Бұл - өте ауқымды міндет. Тіпті, болашақтағы тағдырымызды шешетін аса маңызды жұмыс деуге болады. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін жаңа мақсат-міндеттерімізді айқындап алуымыз қажет», - деді Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде.