Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен кездесу үшін Шымкент қаласына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен кездесу үшін Шымкент қаласына барды
Сурет: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізу үшін Шымкент қаласына келді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Кездесу барысында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылады.