Қасым-Жомарт Тоқаев күзде Германияға барады

Қасым-Жомарт Тоқаев күзде Германияға барады
Сурет: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға сапармен барады. Бұл жайында Мемлекет басшысы Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Мен қыркүйекте болатын Германияға келесі сапарыма зор позитивпен ниеттеніп отырмын. Сонымен қатар сіздің Маңғыстау облысына бару шешіміңізге ризашылық білдіремін. Меніңше, бұл біздің бизнес ынтымақтастығымыздың жетістігін паш етеді. Менің білуімше, сіз теңіз портына да бармақшысыз. Сізді бұл сапарыңызда Премьер-Министр алып жүретін болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент герман делегациясына да ризашылығын білдіріп өтті.