Қаржысын игере алмаған қай министрлік?

Қаржысын игере алмаған қай министрлік?
Сурет: ашық дереккөз

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев биыл 9 айда мемлекет қаржысын игере алмай отырған министрліктер мен өңірлерді атады, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

2023 жылғы 9 айда мемлекеттік бюджетке 13,8 триллион теңге және республикалық бюджетке 9,2 триллион теңгеге жуық кіріс түскен.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/92209/

Жергілікті бюджеттердің кірісі 4,7 триллион теңге болған. Республикалық бюджетке 16 триллион теңгеге шығыстар жүргізілген. Атқарылмау - 70 млрд теңге, оның ішінде үнемдеу - 16 млрд теңге.

"54 млрд теңге игерілмегеді. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Экология және табиғи ресурстар, Туризм және спорт, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерінде қалыптасты", - деді министр Үкімет отырысында. Сондай-ақ жергілікті бюджеттердің шығыстары 9 триллион теңге болған.

49 млрд теңге атқарылмаған. Биыл өңірлерге 2 триллион теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделіп отыр.

"Оларға 1 қазанға 1 триллион 112 млрд теңге бөлінген. Оның 98,5 пайызы игерілген. Атқарылмағаны - 17 млрд теңге. Оның ішінде 1 млрд теңге - үнемдеу, 16 млрд теңге игерілмеген. Ең көп игерілмеу - Астана қаласы, Маңғыстау, Атырау және Қарағанды облыстарында", - деді вице-премьер.

Игерілмеудің негізгі себептері келесідей:

Конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу;

Шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу;

шот-фактуралар мен атқарылған жұмыс актілерін уақытылы ұсынбау және тағы басқа.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/92209/