Қаржы мониторингі агенттігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Қаржы мониторингі агенттігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Сурет: Оtyrar.kz

Жалған ақша купюраларын анықтау фактілері жиілеп кеткен.

Қаржы мониторингі агенттігі жалған ақша купюраларын анықтау фактілері жиілеп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Құрметті азаматтар! Сіздерді сақ және қырағы болуға шақырамыз. Қаражатыңызды тек арнайы айырбастау пункттерінде немесе екінші деңгейлі банктердің бөлімшелерінде айырбастаңыз. Жалған купюра анықтау фактісі болған жағдайда, Қаржы мониторингі агенттігіне немесе полиция департаментіне хабарлаңыз», - делінген агенттік үндеуінде.

Еске сала кетейік, жалған купюраны пайдалану, төлеуге тырысу қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады.

Жалған купюра анықтау фактісі болса, сенім телефонына 8 (7172) 708-478 хабарласыңыз.