Қарызды қайтару - парыз!

Қарызды қайтару - парыз!
Сурет: ашық дереккөз

Қайтыс болған адамның қарызынан қашан құтылу керек?

Оқырмандар сауалына Нұрлан имам Байжігітұлы жауап берді.

Сол күні беру керек. Бір күні қарызды біреу төлеймін дегенде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Таң намазында сұрады. «Қарызыңды бердің ба?», -дегенде, «Енді намазды оқыдық қой, қалай берем»,-деген.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қарыз дегенде қадалып тұрды. Не үшін? Кешіріп жібер деп айтса да болар еді. Жоқ. Мойындарыңа алдыңдар ма, қарызын беріңдер! Әсіресе, жаназада.

Көп адамдар жаназада әкесінің немесе туысының қарызын төлеймін деп шығады. «Төлейсің ғой»,-дегенде төлеуді мойнына алады. Сөйтеді де қарызды төлемейді. Балаларын қақсатады. Дүниесіне таласады. Қияметтің күнінде амалыңнан солай жұрдай боласың. Бұл дүниеде абыройыңнан айырыласың. Қарыз мәселесіне қатты тұрыңыздар. Дүние тоқтаса тоқтап қалсын, қарызды беріңіз! Қарызбенен тамақ ішпеңіздер! Қарызбен көшеге шықпаңыздар! Не істесең о істе! Бірақ қарызды беріңіздер! Қарыз ең бірінші тұруы тиіс.

Құрандағы ең ұзын сүре қарыз турасында. Қарызды беру - парыз! Жаназа оқылмай қояды деп қорқытады. Не үшін? Өйткені оның дәрежесі жоғары болғаны үшін. Қарызды алғандар, берем деп бермей жүргендер ойланғаны абзал. Қарыз алып Меккеге баратындар да бар. Құдай сақтасын! Ойланғаны жөн.