Қариясын қазынаға балайтын ел

Қариясын қазынаға балайтын ел
almaty-akshamy.kz

Қай қоғамның, қай ел­дің мәдениеттілігі мен болашағы – олард­ың қариялары мен бал­аларына көрсетіп отырған мейірімімен, жасап отырған қамқор­лығымен өлшенеді. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған халқымыздың ықылым заманнан бері келе жатқан игі дәстүрлерін өзінің егеменді ел болып құрылған алғашқы күндерінен бастап бұзбай, сақтап келе жатқан мемлекетіміз балалардан қамқорлығын, қарттарынан құрметін аяған емес. Оларға тұрақты түрде жасалынып отырған әлеуметтік қолдау-көмектерді айтпағанның өзінде, жылына бір рет кең көлемде атаулы мерекелері де аталып өтеді.

Қариясын қазынаға балайтын елімізде бірінші қазаннан бастап қарттар айлығы басталды. Бір күнді емес, бүтін айды еншілеген қарияларға дәл осы кезде құрмет еселенеді. 

Бұл ретте қарияларды қолдау айлығына орай №179 жалпы білім беретін мектепте "Мейірімділік пен құрмет", "Ата-анаңа қоңырау шал" парақшаларды тарқату акциясы аясында мектебіміздің оқушылары "Үлкенге құрмет, кішіге ізет" тақырыбында ауданымыздағы қарияларға құттықтау парақшаларын таратып, баталарын алды. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Қарттарымыз — ұлтымыздың алтын қазынасы, сарқылмас байлығы. Бүгінде елімізде қарттарға үлкен мән беріліп, үкімет тарапынан жан-жақты қамқорлық жасалады. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлесін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы.

Ұлт даналығында «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» дегенді білдіреді. Ендеше әрбір бүгінгі жас ертеңгі ата-әже екенін ұққан дұрыс. Сол үшін үлкенге ізетпен қарау керек. Қарияларымыздың даналығын қашан да алға ұстап, содан үлгі-өнеге алып, кейінгі жастарға сол ұлағатты табыстаған ұрпақтың өкілі екендігімізді ешқашан ұмытпауымыз керек. Өйткені жастық – асыл арман, биік сенімге жетелейтін жас десек, сол өткен күндердің еншісіндегі өмір жолдарында елі үшін ерен еңбек сіңірген ардагерлерімізді құрметтеу – баршамыздың ортақ та, қастерлі міндетіміз болып табылады.

Құрбанбаева Аягөз, №179 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі