Қариялар кинокомедияда

Қариялар кинокомедияда
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының қариялары, зейнеткерлері «Больше чем любовь» романтикалық комедиясына барды. Қайырымдылық іс-шарасында қарттардың көңілдері көтеріліп, бір сергіді.

Қазақстан мен Грузияның бірлесе шығарған фильмнің тұсаукесері наурыз айында болған еді. Екі елдің кинематографтары баяндаған хикая Ұлы Отан соғысының қан майданынан бастау алады. Екі барлаушы – грузин Вано және қазақ Бақытжан, тапсырмадан қайтып келе жатқанда әуешабуылының астында қалады.

Бақытжан өз өмірін құрбан етіп, Ваноны құтқарып қалады. 

«Қаламыздың белсенді зейнеткерлері «ОО АММА» ұжымының қарттары тамаша бір киноға келді. Күнделікті күйбең тіршіліктен бойды сергітетін шара болды. Сондай-ақ, ата-әжелеріміз ұйымдастырушылармен естелікке сүретке түсіп кино жайлы сыр шертісті. Біздің орталықта бұдан да басқа түрлі шараларға тегін билеттер береді. Осылайша үлкендердің көңілін аз да болса аулауға тырысамыз. Қарттарымыз кинода алған әсерлерін бір-бірімен бөлісіп, көңілді тарқасты», – дейді «ОО АММА» жоба менеджері  Меруерт Ыдрыс. 

Фильм түсірілімі пандемия кезінде өткен. Тбилиси маңында әскери сахналар мен хикаяның грузиндік бөлігі түсірілді. Сосын түсірілім тобы Алматыға келді, мұнда түсірілім қала тарихындағы ерекше орында: «Алма-Ата» қонақ үйі, «Медеу» мұз айдыны, цирк және басқа жерлерде өткен. 

«Фильмді түсіру оңайға соқпады: Грузияда коменданттық сағат орнатылды, тікелей рейстер болмады, 3 күн сайын түсірілім тобының әрбір мүшесі ПТР-тестін тапсырып отырды, түсірілімге рұқсат алуда да қиындықтар туындады. Қазақстанда да сондай шектеулер бар еді. Бірақ біз бәрін еңсердік!» – дейді атқарушы продюсер Қайрат Мақажанов. 

Айта кетейік, «ОО АММА» ұжымы қаламыздың қарттарына арналған түрлі іс-шаларады ұйымдастыруда. Үлкен мерекелік концерттерге, кино, театр сынды өнер ордаларына қарияларға тегін жолдама беруде.