Еліміздің үш өңірі «сары» аймақта тұр

Еліміздің үш өңірі «сары» аймақта тұр
Сурет: Spb.kp.ru

Бұлар –Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

Қазақстан бойынша 2021 жылғы 16 маусымдағы мәліметке сүйене отырып, еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сонымен «қызыл» аймақта қалып тұрған жалғыз  Нұр-Сұлтан қаласы. «Сары» аймақта Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр. Ал «жасыл» аймақтағылар: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.