Қарабақта қару атылды

Қарабақта қару атылды
Сурет: ашық дереккөз

Таулы Қарабақта армян полициясы мен Әзірбайжан әскерлері қақтығысты. Әзірге Әзірбайжанның екі әскері оққа ұшты деген ақпарат бар.

Таулы Қарабақта Арменияның полициясы мен Әзірбайжанның әскерлері арасында қарулы қақтығыс болды, жараланғандар мен қаза тапқандар бар, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

ВВС агенттігінің хабарлауынша, екі тарап қақтығысқа қатысты әртүрлі мәлімдеме жасаған: Әзірбайжан тарапының айтуынша, олар армян полициясының оқ-қару артқан көлігін тексермек болған, ал армян полициясының нұсқасы бойынша, қызметке кетіп бара жатқан полиция қызметкерлерін Әзірбайжан әскерилері қоршауға алған.

Айта кету керек, оқиға Таулы Қарабақтың әкімшілік орталығына апаратын жолда болған. Бұл аумақ үш айдан бері толықтай Әзірбайжан әскерінің қоршауында тұр.

Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі екі әскеридің қаза тапқаны туралы хабарлап отыр.