«Қаңтарды» ұйымдастырған 18 адам анықталды

«Қаңтарды» ұйымдастырған 18 адам анықталды
Сурет: The Qazaq Times

Бұл туралы Бас прокурор айтты.

Оның мәлімдеуінше, Жұмагелдиевтің, Нұрпейісов пен Тілеужановтың рөлі ерекше болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болғаны белгілі. Мұны тергеу амалдары көрсетті. Бұл әрекет алдын ала 2021 жылы жоспарланған. Оны қылмыстық топ, діни экстремистер, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының мүшелері ұйымдастырған», - деді Берік Асылов.

Бас прокурордың айтуынша, ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке, оның орынбасарларына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Біз осы әрекетті ұйымдастырған 18 адамды анықтадық. Бұл жерде Жұмагелдиевтің, діни экстремистер Нұрпейісов пен Тілеужановтың рөлі ерекше болды», - деді Бас прокурор.