Қаңтар оқиғасы жайлы деректі фильмді ЕҚЫҰ сарапшылары талқылады

Қаңтар оқиғасы жайлы деректі фильмді ЕҚЫҰ сарапшылары талқылады
Сурет: Elorda.info

Сарапшылық топ Алматы, Тараз және Талдықорғанда 35-тен астам сот процестеріне қатысты

Венада ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) ҚР-дағы қаңтар оқиғасына байланысты сот процестерінің мониторингі жөніндегі сарапшылар тобына қайғылы оқиғаның екі жылдығына орай түсірілген «Қаңтар. Мемлекеттік төңкеріс әрекеті. Оқиға қалай өрбіді» деректі фильмі ұсынылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Фильмде еліміздегі қалаларының көшелеріндегі оқиғалардың барысы, негізгі шешімдердің қалай және қашан қабылданғаны, дағдарыстан қалай шыққаны жан-жақты сипатталған.

Онлайн кездесуге ДИАҚБ-ның құқық үстемдігі бөлімінің басшысы Г. Барба, сарапшылар К. Симонсен, К. Рассел, А. Паскеро және басқа да  белгілі бақылаушылар қатысты.

2022 жылғы қарашада қазақстандық тараппен құрылған сарапшылық топқа Алматы, Тараз және Талдықорған қалаларында өтіп жатқан 35-тен астам сот процестеріне қатысуға, сондай-ақ ҚР-дың мүдделі мемлекеттік органдарымен кездесулер ұйымдастыруға қолғабыс көрсетілді.

Сонымен бірге, қорытынды есепті дайындау барысы және «Қаңтар оқиғасы» сот процестерінің мониторингі жобасы аясында Бюро сарапшыларының Қазақстанға алдағы қорытынды сапары талқыланды,- деп жазды ведомство.