«Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған 2 мыңнан астам қару әлі табылмай жатыр

«Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған 2 мыңнан астам қару әлі табылмай жатыр
Сурет: Gov.kz

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қолды болған 2026 қару әлі табылмады.

Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме 

«Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған 1,5 мың дана қаруды азаматтар өз еркімен тапсырды. Осы орайда олардың азамат ретіндегі жоғары үлесін атап өту керек. Өкінішке қарай, қазіргі таңда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған 2026 дана қарудың қай жерде екені белгісіз. Сондықтан қолды болған қаруларды іздеп табу жұмысы жалғасып жатыр», - деді Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің өкілі азаматтарды заңсыз сақтап отырған қаруды тапсыруға шақырды.

«Заңсыз сақталған қаруларды тапсыруға шақырамын. Қаруды өз еркімен тапсырған жағдайда қылмыстық және өзге де жауапкершіліктен босатуға кепілдік беріледі», - дейді ол.

Бұған дейін Санжар Әділов «қаңтар оқиғасы» бойынша кінәлі деп танылып, бос бостандығынан айырылғандарға қатысты мәліметпен бөліскен еді.