Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау ісі бойынша ҰҚК 11 қызметкеріне қатысты үкім шықты

Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау ісі бойынша ҰҚК 11 қызметкеріне қатысты үкім шықты
Сурет: ашық дереккөз

 Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау ісі бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің 11 қызметкеріне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды  «Азаттық радиосы».

«Сот ҰҚК 11 қызметкерінің біреуін ақтады, үшеуі шартты жаза алды, қалғаны 3-5 жыл аралығында түрмеге кесілді», - делінген материалда.

Атап өтелік, журналистерді үкім жариялау кезінде ішке кіргізбеді. Адвокат Гульнар Жуаспаева соттың бұл шешіміне наразы. Ол Қаңтар оқиғасы кезінде жәбір көрген 10 зардап шегушінің құқығын қорғауда. Оның айтуынша, қылмыстық-процессуалдық кодекс бойынша сот үкімі ашық режимде жария болуы тиіс.
Бұл іс бойынша 54 зардап шегуші және бір марқұм болған азамат - Ербол Өтепбаев өтіп жатыр.