Аяздан алты көлік өртенді

Аяздан алты көлік өртенді Сурет: ашық дереккөз

Қатты аязда қатып қалған көлікті жылыту мақсатымен жүргізушілер ашық отты қолданған.  


Қарағанды облысында  9-10 желтоқсан аралығында автомобиль көлігінде 6 өрт тіркелді.


Өрт Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалаларында орын алды. Өрттің шығу себебі-электр сымдарының қысқа тұйықталуы, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Ағымдағы жылдың басынан бері облыста автокөлікте барлығы 144 өрт тіркелді, онда 1 адам жарақат алды.


Автокөліктегі өрттің негізгі себептері отын немесе электр жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі болып отыр. Қыс мезгілінде өрт ашық отты қолдана отырып, мұздатылған көліктерді жылыту кезінде де болады. Көп жағдайда көлік жүргізушілері аяздан қатып қалған көлікті от алдыру үшін ашық отты қолданып, темір тұлпарларын өртеп алған.



"Автокөліктің дизайнында жанғыш материалдардың көп мөлшері қолданылады. Сондықтан кез келген автокөлікте өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау қажет.


Автокөлікте өрт қауіпсіздігі шараларын сақтаңыздар.


Отын және электр жүйесінің дұрыстығын қадағалау маңызды. Әрқашан оңай қол жетімді жерде өрт сөндіргіш сақтаңыз. Қыста мұздатылған бөлшектерді жылыту үшін ашық отты пайдаланбаңыз", - деп ескертеді Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30