Қант бағасын қымбаттатқандар анықталды

Қант бағасын қымбаттатқандар анықталды
Cурет: Ашық дереккөз

Тек соңғы бір аптада осындай 749 сауда орны анықталды

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы қатаң бақылауда. Дегенмен, рұқсат етілген 15 процент бөлшек сауда үстемесін азсынып, тауарын неғұрлым қымбатқа сатқысы келетіндер көп, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Тек соңғы бір аптада осындай 749 сауда орны анықталды. Олардың арасында қантқа 40, күнбағыс майына 35 процент қосқандар бар.

Мониторинг топтары мұндай тексерулерді бұдан былай аудандық деңгейде де жүргізеді. Бұл туралы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын орындау жөніндегі кеңесте айтылды.

Жиында Премьер-Министр Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорларын бөлу жөніндегі үйлестіру жұмысын күшейтуді тапсырды.