Қандай өнім түрлері көңіл-күйді көтереді?

Қандай өнім түрлері көңіл-күйді көтереді?
Сурет: Sever-press.ru

Кейбір дәрумендердің жетіспеушілігі күйзеліс пен ұйқының болмауына, диетаның бұзылуына алып келеді. 

Дәрігер біздің көңіл-күйіміз денедегі нейротрансмиттерлердің мөлшеріне тікелей байланысты екенін және олардың деңгейін қандай тағамдармен теңестіруге болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Серотонин, норадреналин, дофамин, эндорфин және триптофан аз болған сайын көңіл-күй нашарлайды. Олардың жетіспеушілігі стресске, ұйқының болмауына, сондай-ақ диетаның бұзылуына алып келеді.

Диетологтың айтуынша, тауық еті, сиыр еті сияқты тағамдар жақсы көңіл-күйді сақтауға көмектеседі. Өйткені олар В12 витаминінің көзі болып табылады. Ал тирозин амин қышқылы ағзадағы дофамин деңгейін арттырады. Теңіз балдыры В дәрумендерінің көп мөлшерін қамтиды. Олар бүйрек үсті бездерінің жұмысына көмектеседі. Адреналиннің теңдестірілген деңгейінің арқасында сіз шамадан тыс шаршау мен жаман көңіл-күйді ұмыта аласыз.

Фосфор, калий, магний және темір бар бананның пайдасы мол. Бірақ бұл жемістің ең маңызды артықшылығы - адам ағзасына серотонинге айналатын триптофан береді. Сұлы жармасы мен қарақұмық ботқасы да осы затқа бай, сонымен қатар олар қандағы қант деңгейін біркелкі ете алады. Ал ми жасушаларының жұмыс істеуіне көмектесетін омега-3 май қышқылдары жаңғақтарда кездеседі.