Қанат Бозымбаев вице-премьер болып тағайындалды

Қанат Бозымбаев вице-премьер болып тағайындалды
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ақорданың мәліметінше, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.