COVID-19 науқастарында қант диабеті және кейбір жүрек-тамыр ауруларының пайда болу қаупі жоғары

COVID-19 науқастарында қант диабеті және кейбір жүрек-тамыр ауруларының пайда болу қаупі жоғары
Сурет: Iz.ru

Коронавирустық инфекцияны жұқтырғаннан кейін бірнеше апта бойы қант диабеті диагнозына тап болу ықтималдығы жоғарылайды.

Лондон Корольдік колледжінің ғалымдары осындай тұжырымға келді. COVID-19 науқастарында қант диабеті және кейбір жүрек-тамыр аурулары диагнозының пайда болу қаупі жоғары, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналына сілтеме жасап. 

Ұлыбританияда жүргізілген ауқымды зерттеу көрсеткендей, бұл қауіп алғашқы инфекция дамығаннан кейін бірнеше апта бойы сақталады. Мәселен, аритмия және өкпе қан ұйығыштары сияқты жүрек пен қантүзу жүйесі жұмысының бұзылу қаупі коронавируспен ауыратын науқастарда, ауырмағандармен салыстырғанда 6 есе жоғары болды. Бір жыныстағы және жастағы адамдар салыстырылды. Зерттеушілер анықтағандай, бір ай ішінде коронавирусты жұқтырғаннан кейін қант диабетімен ауыру ықтималдығы 80%-ке артты. Олар 400 000-нан астам коронавирус пациенттерінің медициналық тарихын талдап, инфекциядан жалтарған адамдардың денсаулығын қадағалады. Барлығы келесі 12 айда жүрек-тамыр ауруларына, сондай-ақ қант диабетіне тексерілді.

Микронезия Федералды Штаттарында коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайлары тіркелген. Ковид жұқтырған науқастар төрт аймақтың екеуінде анықталды. Билік азаматтарды көп жиналмауға, медициналық бетперде тағуға және вакцинация алуға шақырды. Шенеуніктер Микронезия аумағында ковидтің таралуына қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеуге, сондай-ақ мемлекет аумағына келген барлық азаматтар үшін карантинді ұзарту туралы шешім қабылдауға ниетті. Осы уақытқа дейін Микронезияда коронавирус инфекциясы анықталмаған болатын.