Қан тапсырып, өзгеге өмір сыйла

Қан тапсырып, өзгеге өмір сыйла
Сурет: ашық дереккөз

Акцияға 50-ден астам медицина қызметкерлері, волонтерлер және емхана пациенттері қатысып, ерікті түрде 450 мл қан тапсырады. 

Осы жылдың 9-ақпанында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№5 қалалық емхана» КМК  және «Qamqor Charity» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай қан донорларына арналған «Қан тапсырып, өзгеге өмір сыйла» атты акциясы өтеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Тапсырылған қан Алматы қаласындағы «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» мен «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының» онкология және онкогаметология бөлімшелерінде емделетін науқастардың еміне қолданылады.