Қалада кейбір жол учаскілері автокөлік қозғалысы үшін жабылады

Қалада кейбір жол учаскілері автокөлік қозғалысы үшін жабылады
Сурет: Ашық дереккөз

Учаскені айналып өту сызбасы жасалған

Алматы қаласында, Розыбакиев - Левитан көшелерінің қиылысындағы кейбір жол учаскілері автокөлік қозғалысы үшін жабылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, Розыбакиев-Левитан көшелерінің бойындағы желілерді төсеу бойынша жөндеу  жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 18.07-29.07.2022ж. дейінгі аралықта, Розыбакиев-Левитан көшелерінің аумағындағы аулаларға кіру уақытша жабылады (сызбаға сәйкес). 

«Қала тұрғындарын мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту схемасын алдын ала қарастыруды сұраймыз», - дейді әкімдік.