Қадыр Мырза Әли: Мас адамды маса да шақпайды

Қадыр Мырза Әли: Мас адамды маса да шақпайды
million-wallpapers.ru

Суретті салған - Ғалым СМАҒҰЛ

Шарап пен арақ – у,

Балта мен ара – ем!

***

Қызығып тұрасың,

Күндердің күнінде

Бұзылып тынасың.

***

Қорыққанға қос көрінсе,

Ішкенге қос-қостан көрінеді.

***

Қасірет-қайғыңды ішімдік тұншықтырады.

Тұншықтырмайды, ушықтырады.

***

Ішетін – ауыз,

Ауыратын – бас.

***

Қайла – тасқа,

Арақ – басқа шабады.

***

Мастың сөзінде жүйе болмайды,

Аузына ие болмайды.

***

Ақылды адам ішкенде есінен айырылады.

Ақылсыз адам ішкенде несінен айырылады?!

***

Арақ арандатады,

Маскүнем арам қатады.

***

Мереке келсе,

Береке кетеді.

***

Қаскүнемнен маскүнем дұрыс.

***

Мас адамға бәрібір:

Ол жолда жатқан жолбарысты

басынан аттап жүре береді.

***

Маскүнем табытқа түспей,

Жүре алмайды ішпей.

***

Ақыл-ойың асып-тасса арақ іш,

Ақыл түгіл, ғайып болады қара күш!

Арақ ішсең, ақылың шайқалады.

Ақымақтықтың нышаны байқалады.

***

Әзірейілді жұмыстан қуса,

Оның орнын арақ басады.

***

Рактың емі – сою,

Арақтың емі – қою.

***

Маскүнем ішкеннен ауырады,

Ішпесе – өліп қала жаздайды.

***

Шарап шайтанның да түбіне жетеді.

***

Маскүнем бірнеше бағытта

Жан-жаққа тартып бара жатады.

***

Арақ-шарап – болашақ түрме тұрғындары.

Дайындайтын аждақа мектебі.

***

Маскүнем – төрт тоқсанның бір күнін аттап өтпей,

Қатарынан ішетін ұқыпты ауру.

***

Маскүнем – өзін үйреткен ұстазын да

орта жолда қалдырап кеткен қабілетті ішкіш.

***

Кейбір сөзіне берік маскүнем, бір емес,

Бірнеше сағат бойына ішпей жүре алады.

***

Ішу үшін үш адам көптік,

Екі адам аздық қылады.

***

Бәріне бірдей бойың жетпейді,

Балтырынан құшақтауға бағана жақсы.

***

Қаптаған қалың маскүнемнің ішінде

Жалғыздан жалғыз сау жүру де қасірет.

***

Ішу – басында хобби болады да,

Бара-бара мамандыққа айналады.

***

Мас аяғынан басып тұра алмайды.

Оған отырып ішкен дұрыс.

***

Ертеден кешке дейін

Мен оған «Ішпе!» деймін,

Ол араққа тоймайды бөшкедейін.

***

Жарлының жалғыз-ақ бай сәті болады.

Ол – оның ішкен кезі.

***

Арақ ішпеуден арақ ішудің себебі көптеу.