Қадыр Бәйкенов өмірден өтті

Қадыр Бәйкенов өмірден өтті
Сурет: Egemen.kz

10 қазанда Қадыр Байкенов 78 жасқа толар еді.

Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Энергетика және отын ресурстары министрі Қадыр Бәйкенов 77 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

1967-1985 жылдар аралығында инженер-конструктор, цех бастығы, өндіріс жөніндегі бастықтың орынбасары, бас инженердің орынбасары, партком хатшысы, Алматы ауыр машина жасау зауыты директорының экономика жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

1985-1987 жылдары Қазақстан Компартиясы Алматы обкомының хатшысы болған.

1987-1989 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары лауазымында қызмет етті.

1989-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы және Алматы қалалық кеңесінің төрағасы болды.

1991-1993 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып істеді.

1993 жылы ҚР Энергетика және отын ресурстары министрі қызметіне тағайындалды.

1994-1995 жылдары ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің төрағасы болған.

1998-1999 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының президенті болып жұмыс істеген.

1999 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Инвестконсалсинг» компаниясы» ЖШС президенті болған.