Елдің солтүстігінде күн салқындап, қар аралас жаңбыр жаууы ықтимыл - Қазгидромет

Елдің солтүстігінде күн салқындап, қар аралас жаңбыр жаууы ықтимыл - Қазгидромет
Сурет: Ашық дереккөзі

Алматы облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 26 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан территориясының басым бөлігінің ауа райын солтүстік батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайды, оның әсерінен жаңбыр, солтүстікте қатты жаңбыр, түнде солтүстікте жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі.

Қазақстанның қалған аумағы жоғары қысым аймағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде найзағай, желдің күшеюі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстікте, солтүстік-батыста бұршақ күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі.

Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Павлодар облысының орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Алматы облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.