Израильдегі қақтығыста Қазақстан азаматының қайтыс болғаны жалған - СІМ

Израильдегі қақтығыста Қазақстан азаматының қайтыс болғаны жалған - СІМ
npr.org

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  

Израиль Қорғаныс армиясы ХАМАС ұйымының 7 қазандағы шабуылынан қаза тапқан және із-түзсіз жоғалып кеткен азаматтардың тізімін жариялаған болатын. Олардың арасында Қазақстанның бір азаматы бар деген дерек шыққан. Алайда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды.

«Ақпарат шындыққа жанаспайды. Израиль билігі кестеде қате кеткені үшін кешірім сұрады», - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.