Израильде тәулігіне 3 994 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды

Израильде тәулігіне 3 994 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды
сурет: Dw.com

Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі белсенді вакцинация қарқынына қарамастан, бұл елде тәулігіне 3 994 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Министрліктің мәліметінше, елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 893 105 адамға жеткен.Қайтыс болғандар саны 6 516 адамға дейін өсті.

Бүгінгі таңда Израильдің 5,8 миллионнан астам тұрғыны COVID-19 вакцинасының алғашқы дозасын алды, 5,39 миллионнан астам адамға екі доза егілді, ал 392 мыңға жуық адам препараттың үшінші /үдеткіш/ дозасымен егілді.