Италияда тас сияқты бұршақ жауды

Италияда тас сияқты бұршақ жауды
Сурет: Рoezdochka.com

Бұршақ әбігерге салды

Италияның орталық аймағында орналасқан Эмилия-Романьяда жауған бұршақ Парма аймағындағы итальяндық А1 магистралінде трафикті жауып, жүздеген машиналар мен үйлерге зиян келтірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Ria.ru cайтына сілтеме жасап. 

Il Fatto Quotidiano мәліметінше, дүйсенбі күні түстен кейін  жауған бұршақ автокөлік жүргізушілер мен жергілікті тұрғындарды таңқалдырды. Әлеуметтік желілердегі көптеген видеоларға сәйкес, өрік тәрізді бұршақ машиналардың терезелерін жырып, көліктердің шанақтарында ойықтар қалдырды. Апат эпицентрінде өздерін әрең тапқан жүргізушілер жел, жаңбыр мен бұршақ салдарынан көлік жүргізуді жалғастыра алмаған.

Төтенше жағдайлар қызметі жабдықтар мен құтқарушылардың өтуі үшін Милан-Наполи трассасында шамамен үш сағатқа жол қозғалысын жауып тастады. Сонымен бірге бірнеше шағын апаттар тіркелген.