Ыстамбұлда қалың қардан 200-ден астам рейс тоқтатылды

Ыстамбұлда қалың қардан 200-ден астам рейс тоқтатылды
Сурет: ашық дереккөз

Түркияда арзандығымен танымал Pegasus Airlines авиакомпаниясы Ыстамбұлда тоқтамай жауған қардың салдарынан Сабиха Гөкчен әуежайына 200-ден астам рейсті тоқтатты. 

Жексенбі күні Ыстамбұлда дауыл араласқан қарлы боран көтеріліп, қала тұрғындарының өмірін біраз қиындатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  Inbusiness.kz.-ке сілтеме жасап.

РИА Новости келтірген ақпаратқа сәйкес, 6 және 7 ақпанда  тоқтатылған рейстер тізімінде 200-ден астам рейс бар. Авиакомпанияның жолаушылары билеттерді басқа күнге тегін айырбастай алады немесе билеттен бас тартып, ақшаны қайтарып ала алады. Компания алдағы уақытта ауа райына байланысты тоқтатылған рейстер саны артуы мүмкін екенін ескертті.

Халықаралық рейстер де тоқтатылды — мысалы, Баку, Шарм-эль-Шейх және көптеген еуропалық қалаларға, сондай-ақ ішкі рейстер - Анкара, Адана, Ван және т.б.

Ал Turkish Airlines авиакомпаниясының баспасөз қызметі компания 6 ақпанда жоспарланған 170 рейсті - Ыстамбұлдың Жаңа әуежайына жоспарланған 152 рейсті және Сабиха Гөкчен әуежайына 18 рейсті тоқтатқанын хабарлады.