Испанияда коронавирус күшейді

Испанияда коронавирус күшейді
Сурет: видеодан алынды

Испанияда коронавирустың Омикрон штамы қайта күшейді.

Бірақ жергілікті Денсаулық сақтау министрлігі кей аймақтардың жаппай бетперде режиміне көшуін мақұлдамай отыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ал елдегі эпидемилогиялық ахуал күрделі. Сарапшылар да бұл маусымда ауру көрсеткіші тағы артуы мүмкін деп отыр. Бұған дейін Испанияның 5 аймағында бетперде режимі енгізілген еді. Қоғамдық орындар, емдеу мекемелері мен дәріханаларда маска тағып жүру міндеттелген болатын.