Ирина Қайратовна шарлар фестивалінде өнер көрсетеді

Ирина Қайратовна шарлар фестивалінде өнер көрсетеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Жылдың ең айтулы оқиғасы – Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған шарлар фестивалі - QONAEV INTERNATIONAL BALLOON FESTIVAL.

Дискотека Авария, Ирина Қайратовна және басқа музыканттар, бүкіл әлемнен ұшқыштардың 30 командасы қатысады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Биылғы фестиваль 11 және 12 мамырда Алматы қаласына жақын маңда өтеді. Атап айтарлығы, ол жерді ұшқыштардың өздері таңдады. Ол Алматы облысы, Жамбыл ауданының Қасымбек ауылы.

Аталмыш фестивальға түрлі елдерден ұшқыштардың отыз командасы шақырылған. Біз сіздерді олардың өмірі мен ұшулары кезінде орын алған ерекше оқиғаларымен https://ntkfest.kz/ сайтында, Instagram @ntkfest желісінде, баспасөз баянаттарында және фестивальді ұйымдастырушылардың аккаунттарында таныстырамыз. Осы маусымда әуе шарлары аспанға көтеріліп қана қоймай, сонымен қатар өз «жолаушыларына» джиппен жүруге де мүмкіндік береді. Ауа райы құбылмалы болуы мүмкін, бірақ метеорологтар бұл аралықта желсіз күндер болатынына сендіріп отыр.

-Біз кенелерді улап, көздерін құртамыз, әдеттегідей, санитарлық аймақтарды қарастырамыз, барлық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеміз, - дейді ұйымдастырушылар.

Музыкалық бағдарламада басымдық Ирина Қайратовна және Дискотека Авария топтарына беріледі. Ең танымал хит әндер орындалып, көңіл көтеріп, би билейтін болады.

Сондай-ақ фестиваль күндері басқа да мықты орындаушылар ән шырқайды. Театрландырылған қойылымдар қойылып, қазақтың ұлттық ойындары ойналатын болады. Сонымен қатар, түрлі байқаулар мен жарыстарға қатысуға мүмкіндік бар.

Шараның ерекшелігі сол, өзге алаңқайда сиқыршы Ұмай туралы ертегілердің жылуын сезініп қана қоймай, сондай-ақ импровизацияланған қойылымға да қатыса аласыз.

Балаларға арналған ойын-сауықтар ұйымдастыратын жеке ойын алаңқайы да қарастырылған.

Арнайы ұйымдастырылатын көрмеде Алматы қаласы мен Алматы облысының дизайнерлері мен қолөнер шеберлері өздерінің бұйымдарымен таныстырып, шеберлік сыныбын өткізеді.

Әлбетте, мейрамхана бизнесінің жергілікті өкілдері және фуд-стриттің жергілікті нүктелерінің жағымды тосынсыйлары мен баршаға арналған керемет асханасы бар фуд-корд жұмыс істейтін болады.

Бағдарлама сағат 21.00-ге дейін белгіленіп отыр. Айту керек, демалу үшін фестиваль аумағындағы платкаларға немесе қонақүйлерге жайғасуға болады.    

Өткен жылы фестивальға түрлі елдерден 120 мыңға жуық адам жиналдығын Алматы облысының туризм басқармасы алға тартты. Аталған мекеме, биыл олардың саны арта түседі деген үмітте.

Өмір мерекесіне сіз де қосылыңыз! Романтика адреналиніне бөлену мүмкіндігі күнде бола бермейді!

БАҚ пен блогерлер аккредитациядан өту үшін мына нөмірге хабарлассын: Ольга Зорина (+ 7 701 416 77 60)