Алимент төлемеген алматылықтар 1 жылға бас бостандығы шектелді

Алимент төлемеген алматылықтар  1 жылға бас бостандығы шектелді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы Наурызбай ауданы прокуратурасы Қылмыстық Кодекстің 139-бабы, яғни балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша қылмыстық істі тіркеді,деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

 

«Сот талқылауы барасында сотталушының кінәсі дәлелденді, сонымен қатар борышкердің үш айдан астам уақыт бойы алименттерді төлеу бойынша өз міндеттерін қасақана орындамағаны, төлемнен жалтарту мақсатында тікелей ниетімен өзінің нақты табысын саналы түрде жасырғаны, осыған байланысты екі миллион теңгеден астам берешек пайда болғаны анықталды», — деп жазды бақылаушы органнан.

 

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы О.Е.Ю. ҚР ҚК 139-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Кінәліге қатысты 1 жыл бас бостандығын шектеу, бүкіл кезеңге пробациялық бақылау тағайындаумен, жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбек түріндегі жазалау шарасы қолданылды.

 

Шешім заңды күшіне енген жоқ.