Қазақстан экономикасы өндірістің пандемияға дейінгі деңгейіне жетті

Қазақстан экономикасы өндірістің пандемияға дейінгі деңгейіне жетті
Сурет: Qazaqtv.com

Бұл туралы Халықаралық валюта қорының миссия басшысы мәлімдеді

Николя Бланшенің айтуынша, Қазақстан сенімді түрде қалпына келтіру серпінін көрсетуді жалғастыруда. Ол сондай-ақ республиканың қаржылық қадағалауды күшейту, инфляциялық таргеттеу, салықтық және бюджеттік әкімшілендіруді цифрландыру жөніндегі шараларына және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі міндеттемелеріне жоғары баға берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сонымен қатар сарапшы елдегі инфляция әлі де өсуі мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан ол Ұлттық банктің ақша-несие саясатын қатаңдатуды орынды деп есептейді.

«Қазақстан Ұлттық банкі алдын базалық мөлшерлемені 0,25% көтерді. Елдегі жағдайды талдай отырып, бұл саясатты жалғастыру қажет деп санаймыз. Себебі инфляция деңгейі әлі де өсуде. Сондай-ақ Ұлттық банктің экономиканы қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларынан шығу бастамасын қолдаймыз. Елдегі қаржы нарығын реттеу мен дамыту, бәсекелестікті қорғау агенттігін құру ел экономикасының дұрыс дамуына серпін береді деп ойлаймыз. 2021 жылдың қорытындысы бойынша қалпына келу серпінін одан әрі сақтай отырып, Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,7% жетеді», - ХВҚ-ның Қазақстан бойынша миссия басшысы Николя Бланше.